Тоқаев бірінші болып президентікке кандидат ретінде тіркелді

izr7vwh7 Жаңалықтар

Аtr.kz/3 мамыр, 2019 жыл.  Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина хабарлады. Спикердің атап өтуінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-бабына сәйкес тиісті құжаттарын өткізген.

«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасы дайындалды.  Қаулы жобасында келесі мәселелер қарастырылған:  Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс  сайлауында ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркелсін. Президентке кандидат Қ.К.Тоқаевқа  тиісті куәлік берілсін. Қ.К.Тоқаев арнаулы уақытша шотты  ашу үшін «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-на президенттікке кандидат болып тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын. БАҚ-та Қ.К.Тоқаевтың  ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелгені туралы хабар жариялансын», – деді С.Мұстафина.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз