Той көп, бетперде жоқ…

210111192513552e Жаңалықтар

2021 жылдың 1-10 қаңтары аралығында мобильдік топтар 903 рейд жүргізіп, 3769 нысанды тексерген.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады.

Каналдағы деректерге қарағанда, р ейд барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және карантин талаптарын сақтамау бойынша 28 заңбұзушылық анықталды. Мәселен, Қызылқоға ауданында жаппай отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, осы уақыт аралығында 2 үйлену тойы өткізілген.

Сондай-ақ, Атырау қаласында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қызметіне тыйым салынған «Регионбет» лото клубы келушілерді жасырын қабылдағаны анықталды.

Сонымен қатар, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық қалашығында бетперде режимін сақтамаудың 2 фактісі және бекітілген жұмыс режимін бұзудың 1 фактісі тіркелді. 22 материал қаралу үстінде.

Қазіргі таңда, мобильді топтар мен жергілікті полиция департаментінен түскен материалдар бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 547 975 теңге көлемінде 6 айыппұл салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз