34821a9325755b7034caeb610db51800 l

COVID-19: Теңіз кен орнына мамандар жіберілді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
9 / 100

Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кенішінің стационарында науқастар санының артуына байланысты қосымша мамандар жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Теңіз кен орнындағы  315 орындық инфекциялық стационарда  15 маман жұмыс істеуде. Бүгінгі күні мұнда  111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды  құрап отыр.

Соған  сәйкес,  Денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады.  Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер және 4 санитар бар. 

Айта кетейік,  қараша айынан бастап Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді.  Оның 71-і соңғы 4 тәулікте тіркеліп отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысы коронавирус індетінің таралуы бойынша сары аймаққа өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған