Атырауда дабылды ескерту жарияланды

a9af264970192715a3ff230d3f44f871 Жаңалықтар

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

a9af264970192715a3ff230d3f44f871

Қазгидрометтің мәліметінше, Атырау облысында ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. 26-27 маусым күндері кей жерлерде күн 40-42 градусқа дейін ысиды.

Сондай-ақ, 26 маусым күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ал Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз