Тіліне қарап елін таниды

Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады»  деген. 

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» – деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағы үшін қолынан келгенін аямауы тиіс. Қазақстан әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті отыз  елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Себебі, әлем  бәсекеге  қабілетті  елді  оның тілі арқылы  ғана таниды.

Б.Абжетова,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/9 мекемесі кадр жұмысы тобының аға инспекторы

әділет аға лейтенанты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз