Жыл басынан бері дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 14 мыңға жуық топ бұғатталды

7wjr1keuopn3zem5oemmbmlplte4hupfxdlttdqy Жаңалықтар

Өткен жылы жат ағымды насихаттайдын 23 930 парақша бұғатталса, биыл олардың саны 13 679-ға азайды. Сондай-ақ, 186 483 азаматтың әлеуметтік желідегі парақшаларына зерделеу жүргізіліп, 104 азаматтың парақшасы дінтану сараптамасына жолданған. Бұл туралы Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Қалыбек Құбайдоллаев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы 235 868 парақша зерделеніп, 83 парақща сараптамаға жолданды. Көрсеткіш жыл санап азайып келеді. Мұндай мәселенің облыста болмауы үшін Дін істер басқармасы бірқатар шаралар жоспарлаған.

– Жастар арасында Қазақстан Республикасы Дін саясатын кеңінен тарату діни экстремизм идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында «жастар клубын» ашып, олардың жұмыстарын жүргізу және облыс тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын алу, отбасының рөлін күшейту, отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында әр түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарлануда. «Білімді әйел – тәрбиелі ұрпақ» тақырыбында әйелдер форумы, «Ана көрген тон пішер» тақырыбында аналар курсы, «Әке көрген оқ жонар» тақырыбындағы әкелер курсын ұйымдастырмақпыз. Бұл аталған шаралардың барлығы Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өтеді, – деді Қ.Құбайдоллаев.

Баспасөз брифингі барысында басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев облыс тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясы таралуының алдын алу, рухани адамгершілік, отансүйгіштік, елге деген патриоттық сезімді ояту және Ата Заңның мәртебесін дәріптеу мақсатында «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне» орай облыс тұрғындары арасында 10 шақырым қашықтықта жүгіру марафоны өтетінін жеткізді.

– Дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратын шарамызды биыл 26 тамыз күніне жоспарлап отырмыз. Шара облыстық деп аталғанымен бұған Орал, Ақтөбе сынды қалалардан да азаматтар келіп қатысады, – деді Қ.Көшқалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз