Жаңалықтар
Теңізге тартылған өткел аршылуда
Исатай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өр суынан қорғану шаралары өңірде жүйелі түрде жалғасуда.
«Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты С.Балғымбаев атындағы және Батыс Қамысты кен орындарының арасын жалғап жатқан, теңізге тіке құйылатын қатқыл табанды жол астындағы су өткелдері аршылуда.
Айта кету керек, бұл өткелдер бұрын теңіздің суынан қорғану үшін көмілген. Қазір теңіз суы оның жағалауындағы елді мекендерден 25-30 шақырым қашықтыққа тартылып кеткен.
Дәулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы