Атырауда елу шақырым аумақ қоқыстан көз ашпай отыр…

210301020526820a3758746i Жаңалықтар

Атырау облысында ғарыштық түсіріліммен 484 қоқыс алаңы анықталған.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында ғарыштан түсірілген стихиялық қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілген.

«Анықталған аумақ шамамен 50 шақырымды құрайды. Қашықтан зондтау арқылы түсірілген ғарыштық түсірілімдер бұған дейін тиесілі әкімдіктерге жолданғанмен, көрсетілген жерлерді толықтай тазартпаған. Сол себептен, Атырау қаласы мен Махамбет ауданы әкімдіктерінің жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс әкімі бекіткен ғарыштық мониторинг нәтижелерімен анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша кесте жасақталды. Қазір 484 қалдық орны толықтай жойылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз