Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарЭкономика

Теңіз жұмысшыларына өтемақының қандай жағдайда төленетіні белгілі болды

Аtr.kz/1 мамыр, 2020 жыл. Бұл туралы бүгін ТШО компаниясының бас директоры Имер Боннер Атырауда Теңіз кенішіндегі ахуалға байланысты өткен шұғыл жиында айтты.

«Компанияның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасуда. Бекітілген кесте бойынша, қызметкерлерді кеніш аумағынан шығарудамыз. 1 мамыр күні кешке Теңіз аумағынан шығарылғандар саны 13 мың адамға дейін жетуі тиіс.

img 20200501 wa0113

Еңбек ақысын төлеуге байланысты наурыз айында стратегия қабылданды. Барлық қызметкерлер бұл мәліметпен танысты. Шығарылып жатқан жұмысшыларға ҚР Еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес  өтемақы төленеді.

Яғни кеніш аумағынан шығарылған жұмысшыларға орташа жалақы көлемінде өтемақы беріледі. Ал, өндіріс басында қалғандар үшін жалақы 1,5 есе көлемінде көбейтіледі» деді Имер Боннер Атырау облысы әкімінің төрағалығымен өткен шұғыл жиында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button