Жарнама
Жаңалықтар

Теңіз округіндегі туризм: Лотос алқабын дамыту маңызды

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданы елімізде ерекше табиғи құндылық саналатын лотос гүлдері өсетін бірегей аймақ. Алайда, лотостың гүлдену кезеңінде туристер үшін жеткілікті инфрақұрылым мен қызмет көрсету жүйесінің жоқтығы байқалады. Сондықтан бұл алқапты қорғап, оны дамыту аса маңызды.

Облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Даралиев Теңіз ауылдық округіне іссапары барысында Қиғаш өзені бойындағы жағдаймен танысып, осы бағыттағы бірқатар мәселені талқылады.

Депутаттың айтуынша, округ әкімі Қайсар Мақсотовпен кездесу кезінде аймақтағы туризмді дамыту туралы, әсіресе Қиғаш өзенінің лотос гүлдену маусымында туристерге жағдай жасау тақырыбы өзекті проблема ретінде көтерілді.

img 5829

– Кездесу барысында экотуризмді дамытуға бағытталған нақты жобалар әзірлеу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, табиғи аймақтардың тазалығын сақтау және туристер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері күн тәртібіне қойылды. Алдымен лотос алқабын қорғау және сақтау шараларын күшейту қажет. Туристік қызмет көрсету аясын кеңейту де алға қойылғаны жөн. Табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық туризмді дамыту секілді ұсыныстар назардан тыс қалмауы керек, — деді Н.Даралиев.

Депутат бұл бағыттағы ұсыныстар бүгіннен бастап облыстық деңгейде қаралып жатқанын және болашақта нақты шаралар қабылданатынын да атап өтті.

– Қиғаш бойындағы лотос гүлдерінің ерекше табиғаты мен сұлулығын сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Туризм арқылы бұл аймақтың дамуына серпін бере аламыз, — деді Нұрлыбек Даралиев өз сөзінде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button