Облыс әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті

imgl3143 scaled Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бұл шараға 40-қа жуық журналист қатысты. Журналистермен кездесу «галстуксыз», яғни еркін форматта өткенін атап кету керек. Ақпарат айданында қалам тербеткен журналистер аймақ басшысына өртеніп тұрған өзекті сұрақтар қойды.

Көкейкесті сауалдардың ішінде денсаулық сақтау саласын дамыту, оңалту орталықтарын салу, тұрғын үй құрылысының мерзімінде аяқталуы, таза ауыз сумен қамту, туризмді дамыту, сапалы білім беру сынды мәселелер бар. Тілшілер қауымы өңірдің экологиялық ахуалын да көтерді.

– Өңірімізде мұнай-газ саласы дамыған. Қалада Атырау мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Осы өндіріс ошағы таңғы не түнгі уақытта ауаны күкіртті сутекпен ластап, салдарынан қаланы қолқаны қабатын иіс басады деген арыз-шағым көп. Ал зауыт бұл иіс өздерінен емес, булану алаңынан шығатынын айтады. Жел осы бағыттардан соқса, сасық иіс мүңкитіні рас. 2018 жылы кәріз тазалау станциясы салынды. Бүгінде мұнда булану алаңының жерін қайта құнарландыру жұмыстары жүріп жатыр. Қазір тазарып келеді. АМӨЗ-ге барып, біркелкі тексеру жұмыстарын жүргіздік. Онда мұнай қалдықтарын сақтайтын ашық алаң бар екені анықталды. Басшылық жаңа технологияларды пайдаланып, жерді қайта құнарландырумен айналысып жатыр. Сондықтан мекемеге технологиялық тексеріс жүргізу қажет. Ал экологиялық жағдайға байланысты коэффициент төлеу үшін зерделеу жүргізіп, тағайындау үшін негіз қажет. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге осы мәселені көтеріп отырмыз,– деді С.Шәпкенов.

imgl3428

Серік Шәпкенов кездесуде ашық әңгіме айтып, халықты алаңдатқан мәселелерді көтерген БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдірді. Облыс әкімі жиында айтылған ұсыныс-пікірлер қаперге алынып, оларды шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз