snimok эkrana 2021 02 19 v 08.42.15

Instagram-да Денсаулық сақтау министрлігінің жалған парақшасы ашылған

Жаңалықтар Медицина
9 / 100

Instagram әлеуметтік желісінде @minzdrav_rkz деп аталатын пайдаланушы тіркелген. Бұл парақшада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы туралы қысқаша жазбалар жарияланған. Алайда, министрліктің өзі бұл аккаунттың ведомствоға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Instagram–да бір ғана ресми парақшасы бар – @healthcare.gov.kz.

– @Minzdrav_rkz парақшасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасы емес. Бұл аккаунт бір ғана қолданушыға – @doctor_gereeva_ жазылған, сондықтан аккаунтты жасаушы сол адам деп болжауға болады, – делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, жалған парақшада 26 жарияланым бар. Олардың барлығы бір күні – 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған. Аккаунтқа оған дейін де, одан кейін де бірде-бір хабарлама орналастырылмаған. Алайда, Instagram қолданушылары Министрлікке жүгінгенде немесе денсаулық сақтау жүйесі жұмысына қатысты шағымдарда осы парақшаны белгілеуді жалғастыруда.

Мемлекеттік органның Instagram-да бұдан басқа да жалған аккаунттары бар. Бұған дейін қазақстандық фактчекерлер Денсаулық сақтау министрлігінің жалған парақшаларының тізімін жариялаған болатын.

«Стоп фейк»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған