Теңіз кенішінің тағы бес жұмысшысы Covid — 19 инфекциясына шалдықты
Аtr.kz/25 сәуір, 2020 жыл. Атырауда Covid — 19 инфекциясына шалдыққандар саны 104 адамға жетті деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.
Қауіпті індет табылғандар 1966, 1968, 1984, 1993 және 1995 жылы туған ер адамдар. Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олар зертханалық сынамалар алынған болатын.
Ал, алтыншы науқас 1997 жылғы қыз бала. Ол бұған дейінгі Атырау — Амстердам рейсіндегі жолаушылармен байланыста болған. Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда. 25 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 104 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.