000 1

Барлығы 98: Теңіз кенішіндегі он жұмысшыдан коронавирус табылды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/25 сәуір, 2020 жыл. «Атырауда қауіпті індет расталғандар саны 98 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Тоғыз ер адам және бір әйел адам стационарға жатқызылып, ем қабылдап жатыр. Бұған дейін олар коронавирус инфекциясы расталған науқаспен қарым-қатынаста болған.

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олармен байланыста болғандар оқшауланып, дәрігерлік бақылауға алынды.

Инфекция ошағы зарарсыздандырылуда» деп нақтылады Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Еске сала кетелік, науқастар 1960, 1970, 1993, 1979, 1980, 1996, 1992, 1983, 1992 жылы туған ер адамдар. Және 1989 жылы туған әйел адам. Олардың барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар.

Елорда уақытымен 10:15 сағаттағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2482 адам коронавирус инфекциясына шалдықты.

Әлем бойынша қауіпті дерт 2 миллион 836 мың 096 адамнан анықталып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған