Қанша күн демаламыз?

salyutastana1811 Жаңалықтар

Қазақстанда желтоқсан айында белгіленген мереке күндері көп. Солардың кейбірі демалыс күндеріне сәйкес келіп, қосымша демалыс сыйламақшы. Осылайша, желтоқсанда бас-аяғы 13 күн демалатын боламыз.

20161018181444

Қыстың алғашқы айы 1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке –Тұңғыш Президент күнімен басталады. Биыл ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылады. Республиканың басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түседі, сондықтан сейсенбі, 18 желтоқсан – демалыс күні болады.

Жылдың соңғы дүйсенбісі, 31 желтоқсанда да солай. Биылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан. Ал, жаңа жылдық демалыс күндері төрт күнге – 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз