Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Теңіз кенішіндегі 135 адамның не себепті шығарылмағаны белгілі болды

Аtr.kz/11 мамыр, 2020 жыл.  10 мамыр күні Теңіз кенішінен 135 жұмысшы Батыс Қазақстан облысына демобилизациянуы керек болатын. 

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, басқа өңірдің тұрғындары тұрғылықты мекен-жайы бойынша ПТР тестілеуден өтуі тиіс. Және сәйкесінше, карантиндік стационарға оқшаулануы қажет еді. 

Алайда бүгін Теңіз кенішіндегі  135 жұмысшы үшін Батыс Қазақстан облысындағы карантиндік стационарда  бос орынның жетіспейтіндігі белгілі болды. 

«Сол себепті, Теңіз кенішінің басшылығы батыс қазақстандық 135 жұмысшыны Атырау қаласына екі күнге уақытша орналастыруға шешім қабылдады» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб. 

10 мамыр күнгі түнгі 23:00 сағаттағы жағдай бойынша, Атырауда коронавирус инфекциясы 299 адамға жетті. Сауығып шыққан саны — 113.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button