ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Телекоммуникация қызметтері уақытша тоқтатылады
Атырауда 1-10 қараша аралығында телекоммуникация қызметтері уақытша тоқтатылады.
Бұл күндері «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы – Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Атырау жергілікті желілер техникалық торабы жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізбекші. Осы орайда, 1-10 қараша аралығында тәуліктің түнгі уақытында Атырау облысы аймағындағы абоненттерде телекоммуникация қызметтері уақытша тоқтайды.