Қауіптің алдын алуға арналған телеграм канал ашылды
Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерге ашық телеграмм каналын ұсынады.
Телеграм сілтеме: https://t.me/atyraudchs
Телеграмм каналдың басты мақсаты – су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу. Бұл орайда Сіз бізге көмектесе аласыз:
Тұрғылықты мекенжайыңыздың айналасындағы су айдындарынан немесе Сізге өрескел болып көрінген көріністерді ашық чатымызға бейнетаспа/сурет ретінде жіберіңіз.
Сіз жіберген материалдағы қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға ескерту және түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Осылайша Сіз бір жанның өмірін сақтап қалуға себепкер боласыз!
Жасалған іс-шаралардың барлығы тұрғындындарды қауіпсіздік ережелерімен жаппай құлақтандыру және қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан туындаған төтенше жағдайлардың салдарымен таныстыру.
Біз үшін әрбір өмір маңызды.
Қ.ШӘКІРОВ