Атырау облысының әкімі жергілікті православтарды Рождествомен құттықтады

unnamed file 8 Жаңалықтар

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Atr.kz

«Рождество – қазақстандықтардың рухани, жалпы, қоғам өміріндегі маңызды оқиға. Рождество діни сенім немесе ұлттық ерекшеліктерге қарамастан, қазақстандықтарды ізгілік жолында біріктіріп отыр. Бұл мемлекет басшылығының салиқалы саясатының жемісі» делінген құттықтауда.

Еске сала кетелік, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Успен соборында көпшілікпен бірлескен діни рәсімдер орындауға тыйым салынды. Мұндай тыйым өңірдегі барлық діни нысандарға да тікелей қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз