
ЖаңалықтарҚоғам
Тelegram-да таралған ақпаратқа қатысты облыс әкімінің орынбасары жазба қалдырды
Мектептерге шабуыл жасалатыны туралы таратылған жалған ақпарат бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram-арнасында жазба қалдырды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, еліміздің бірқатар қалаларында осындай жалған ақпараттар таралған.
“Құзырлы органдар тиісті әрекеттер етуде. Атырауда ертең мектептерде сабақ штаттық режимде өтеді. Дегенмен қауіпсіздік шараларын күшейтеміз”,- деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Telegram-арнасында тараған ақпараттан қорқып қалған ата-аналар сынып чаттарында балаларын мектепке жібермейміз деп жазуда.

Айта кетейік, бүгін осы тектес жалған ақпарат Ақтөбе қаласында да таралған болатын. Құзырлы органдардың жедел іздестіруімен күдікті ұсталды.