71939318 782659315502070 4381386212703731712 o

Атырауда алғаш рет «Көрпе Fest» фестивалі өтті (+ФОТО)

Жаңалықтар Рухани жаңғыру ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/14 қазан, 2019 жыл. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен елімізде алғаш рет тұсауын кескен «Көрпе Fest» мегафестивалі екі күнге жалғасты. Белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада ұйытқы болған тағылымы мол, тәлімі зор шараның өндірісті өңірде ұйымдастырылуы да тегін емес.

Бұрын-соңды болмаған байқау аясында көп балалы, аз қамтылған, жұмыссыз әйелдерге ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сыныптары өтті. Фестиваль қатысушылары ұсынған төл туындыларды арнайы құрылған қазылар алқасы сарапқа салды. Нәтижесінде 25 үміткердің жұмысы үздік деп танылды. Олардың әрқайсысына облыстық әкімдіктің қолдауымен тігін машиналары сыйға берілді.

72817999 782659578835377 4342494261636235264 o

– Жеті-сегіз балалы аналардың ұлттық қолөнердің арқасында өз еңбектерімен табыс тауып отырғандарының куәсі болдық, олардың көпшілігі мекен-жай әлеуметтік көмегіне де мұқтаж емес. Қолөнер курсынан өткен әйелдер өз істерін ашып жатыр. Уақыт өте келе олар мұны отбасылық бизнеске айналдыруда. Бұл – батыл бастама. Біріншіден, олар ұлттық салт-дәстүрді сақтап, ұрпақтарына табыстайды. Ал, екіншіден, табыс тауып, жанұяларына көмектеседі, – деді Бердібек Машбекұлы.

72249568 782659075502094 861015280694853632 o

 Сонымен бірге, ұлттық өнерге жаны ашып, әркез демеушілік танытып жүретін кәсіпкерлер марапатталды. Фестиваль барысында ерекше белсенділікпен көзге түскендер естелік сыйлықтарға ие болды. Солардың бірі – Исатай ауданының тұрғыны Жанар Қадырова.

«Мен жеті баланың анасымын. Өткен жылы Ырза Тұрсынзаданың курсын аяқтап, тапсырыспен құрақ көрпе тіге бастадым. Қазір осы бастамам отбасылық кәсіпке айналып, келінім екеуміз шағын цех аштық. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік көмекке мұқтаж емеспін және осы арқылы табыс тауып отырғанымды мақтан етемін» дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

71873400 782659442168724 8475250121859137536 o

*Сіз не дейсіз?

Арман ЖИЕНБАЙ,

жас тігінші:

– Мен Атырау сервис колледжінде тігінші мамандығында оқимын әрі жеке тапсырыспен жұмыс жасаймын. Келесі жылы жеті айлық тәжірибеден өтіп, оқуды аяқтаймын. Мұндай байқауға алғаш қатысып отырмын. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтсе екен. Себебі, осындай шаралар арқылы біз ұлттық құндылығымызды әлемге танытамыз, қолөнердің бәсекеге қабілетті екенін әлемге дәлелдей аламыз.

72573715 782659498835385 1869408455731707904 o
72899661 782659148835420 394696018349785088 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған