Техникалық термин түзеледі
Кенжеғали ШАҢҚАНОВ, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы кәсіподақ комитетінің төрағасы: Латын әліпбиіне көшуден ұтатынымыз – әлемдегі техника тілін жете ұғуға бір қадам жақындауымыз. Өзім өндіріс адамы болғандықтан, маңызды мәселеге алдымен осы тұрғыдан баға беріп отырмын.
Кеңестік кездің инженерлері тар ауқымда еңбек етті. Дүние-жүзілік додаға ілеспей, шек-теулі шеңберде қалдық. Ара-тұра болмаса, сырттан құрал-жабдық жеткізілген жоқ. Сондықтан, шет тіліне деген сұраныс та аз еді. Ал, қазір Қазақстан әлемнің барлық елімен дерлік қарым-қатынас орнатқан. Олар-ға өзіміз өнім шығарамыз, тыстан тауар тасимыз. Демек, өркениетке өрлеп келеміз.
Ал, латын әліпбиі бізді сол биік-ке шығуымызға ықпал ете түседі. Қазіргі бекітілген үлгісімен танысып отырмын. Байыппен қарасаң, ешқандай қиындығы жоқ. Кейбір ноқаттары мен таңбалануы демесек, бұрынғы әріптерге ұқсас тұстары көп. Яғни, меңгеріп кетуге мүмкіндік мол. Тіпті 2025 жылға дейін созбай-ақ, қазірден бастап қолданысқа енгізе беруге болады деп ойлаймын.
Бүгінгі жастардың біразы ағылшынша сайрап тұр. Яғни, оларға жаңалыққа бейімделу тіпті де қиын емес. Демек, Мемлекет басшысы сол жастардың алдына даңғыл жол ашып отыр. Қазір өндірісте жұмыс жасайтын мамандар осындай оңды өзгерісті құп алуда. Ендеше, техникалық білім беретін жоғары оқу орындары бұл іске бүгіннен бастап кірісуі керек.