
ЖаңалықтарЭкономикаҚұқық
«Теңізшевройл» мекемесіне 278 миллион теңге айыппұл салынды (ВИДЕО)
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Жылыой аудандық прокуратурасы 30 мамыр күні сағат 8.45-те Теңіз газ өңдеу зауытының «КТЛ-2» қондырғысында құрал-жабдықтың істен шығуына байланысты ауаға зиянды заттардың бөлінгенін анықтап отыр.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы, яғни, «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi» бойынша «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін кінәлі деп таныды. Сәйкесінше, енді кәсіпорын 278 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ