Жарнама
Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сәтбаев университетінде алғашқы экохаб ашылды

Алматыда экобелсенділер жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолға алды, -деп хабарлайды 24KZ. Осы мақсатта Satbayev University базасында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында алғашқы экохаб ашылды.

Экохабта студенттер пластик қалдықтарын өңдеп, оларды пайдалы заттарға айналдыра алады. Мәселен, сағаттар, кілтке тағатын әшекейлер, тіпті ұлттық стильдегі бұйымдар жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Орталықта бөтелке қақпақтарын қайта өңдеуге арналған арнайы станоктар мен велошредер орнатылған. Алдағы уақытта осындай экохабтарды қаланың басқа да жоғары оқу орындарында ашу жоспарланып отыр. Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға және халықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button