Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

eb8b8947 94e9 4a5f a043 92f00945cf77 Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысы медицина қызметкері күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», – деп жазды Президент.

Еске салайық, бүгін – Медицина қызметкері күні. Бұл мереке маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз