«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қорытындыланды
Жыл қорытындысымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына белсене қатысып, өңірдің эколгиялық мәдениетін нығайтуға үлес қосқандар марапатталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Арнаулы автобаза», «Каспийдормостострой», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «KPI Inc», «West Dala», «Каспийдормострой» серіктестіктері , 109 бірыңғай байланыс орталығы акцияға атсалысып, белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Құрманғазы ауданына «Таза аудан», Қызылқоға ауданына «Таза өлке» номинациясы берілді. Сонымен қатар, ауданішілік «Таза аула», «Таза аудан», «Үздік көше», «Үздік мекеме», «Үлгілі үй» және «Үздік тазалаушы» конкурстары қорытындыланды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын ұйымдастыру барысында қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды қоқыстардан тазарту және көгалдандыру шараларына белсене қатысқан белсенділер мен зейнеткерлерде тыс қалмай Алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, биыл акция аясында 30 сенбілік өткізіліп, 86 мыңнан адам қатысып, 1522 техниканың күшімен 1776 тонна қоқыстар полигонға шығарылды.