Татамидегі тартысты дода

Спорт Жаңалықтар

Жуырда Атырауда киокушинкайкан каратэден балалар, жасөспірімдер, кадеттер, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82

Дүбірлі бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысты. Нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарынан жалпы саны 350-ге жуық каратэші бабын сынады.

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%822

Сайысты тамашалауға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық ұлттық киокушинкайкан  каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысты.

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%823

– Елбасымыз 25 жыл бойы спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде спортпен айналысуға толық мүмкіндік жасалды. Атырау облысы да бұл үрдістен шет қалған жоқ. Аймақта барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген спорт кешендері бой көтеріп, халықтың игілігіне беріліп жатыр. Бүгінгі сайыс — Мемлекет  басшысының сол қамқорлығының көрінісі, – деген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша, әйелдер арасында атыраулық Кристина Сайнова мен ақмолалық Әлемгүл Сабырхан үздік деп танылды. Ерлер арасында атыраулық Андрей Котов, астаналық Жәнібек Бұрхашбаев, Данияр Әлимусинов және Нұрлыхан Садуақасовтар жеңіске жетті.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз