
”Тасымалдаушы” тәртіп бұзғанды тезге салды
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, жеке тұлғалар тарапынан жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында республика аумағында ,,Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Ол еліміздің өзге өңірлерімен қатар Атырау облысының да аумағын қамтыды. Жергілікті атқарушы құрылымдар, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары, «ҚазАвтоЖол» кәсіпорны және жұртшылық өкілдері қатысқан іс-шара барысында көлік қозғалысы мен жолаушы-жүк тасымалындағы ереже бұзушылықтар анықталып, әшкереленді. Мұнда көзделген басты мақсат — қоғамдық көліктегі кез келген формадағы құқықбұзушылықтарға қарсы пәрменді қарекет жасап, ,,нөлдік төзімділік» қағидатын ұстана отырып, жолда жүру ережелерінің сақталуын, жүргізушілер мен жолаушылардың, басқа да қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Акцияның қорытындысында тәртіпті бұзғандар тезге салынып, оларға ауызша және жазбаша ескерту жасалды.
Дәулетқали АРУЕВ