Жаңалықтар
Тасшағылдық түлектер туған жерге сый тарту етті
Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі Тасшағыл орта мектебінің 2004 жылғы түлектері туған жерлеріне ерекше сый жасады.
Бүгінде әр аймақта, әр салада қызметте жүрген жастар мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуларына орай ауылға еңселі кіреберіс қақпасын орнатты.
-“Туған жерге туың тік” дейді дана халқымыз. Бізді өмірге әкеліп, өсіріп-баққан аялы мекенге қандай сый құрмет те жарасар еді. Ауылдың аты жазылған қақпа салуды көптен ойлап келгенбіз. Міне, бүгін соның сәті түсіп арманымыз ақиқатқа айналды, — дейді ауыл түлегі Ертілеу Таңбаев.
Айта кетейік, аталған ауыл мектебінің әр жылғы түлектері туған жеріне тарту жасауды дәстүрге айналдырып келеді.
Мәлике МӘЛІК