Атырауда коронавирусқа қатысты кейбір іс-әрекеттерге тыйым салынды

kcbmvzkr Жаңалықтар

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов сақтық үшін іс-шараларға тыйым салды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен Атырау облысында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі өңірлік штаб комиссиясының отырысы болып өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс көлемінде атқарылып жатқан қауіпсіздік жұмыстарымен бұған дейін берілген тиісті тапсырмалардың орындалу барысы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов баяндады.

«Өздеріңізге мәлім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  коронавирусты ресми түрде пандемия деп жариялады. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов та бірқатар тапсырмалар бергенін білесіздер»,-деген аймақ басшысы мынадай нақты тапсырмалар берді.  

1. 13-наурыздан бастап барлық көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, кинотеатрларда көрсетілім, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізу  тоқтатылсын;

2. Барлық қоғамдық орындарда, денсаулық сақтау, білім беру, халыққа қызмет көрсету орталықтары, халық көп жиналатын орындар, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, сауда үйлері, вокзал, әуежайлар, қонақүйлер күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режимге көшірілсін;

3. Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынсын;

4. Қоғамдық көліктер тазаланып, дезинфекциялаудан өтсін;

5. Орта білім беру ұйымдарының каникулға 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 5 сәуір аралығында шығуын қамтамасыз етсін, 16 наурыздан бастап колледж және жоғарғы оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылсын;

6. 1а, 1б, 2-3 санаттағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени және туристтік  іс-шараларға баруға тыйым салынсын. 

Аман ШАМАР

whatsapp image 2020 03 13 at 07.23.46
whatsapp image 2020 03 13 at 07.23.46 1
http://atr.kz/bez-rubriki/m%d2%afftiyat-meshitterdegi-bes-ua%d2%9byt-namaz%d2%93a-bajlanysty-%d2%afndeu-zhariyalady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз