Тасқын зардабын тартқан өңірлерге көмектесетін бизнесмендер бекітілді
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қандай бизнесмендер бекітілгенін және қауіптің салдарын жоюға демеушілік көмек көрсету керектігін айтты, — деп хабарлайды Bes.media.kz.
Атырау облысының су тасқыны салдарын жоюға Тимур Құлыбаев пен Кеңес Рақышевтің компаниялар тобы көмектеседі.
Ақмола облысына «Integra Construction KZ» ЖШС және «RG Gold»ЖШС компаниялары бекітілген.
Ақтөбе бойынша Болат Өтемұратов қоры, BI Group және ERG компаниялар тобы демеушілік көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Батыс Қазақстанға BI Group, Jusan Bank, Astana Motors, ЦентрКредит Банкі, «ҚазАзот», KPO бекітілді.
Қостанай облысына ADD Capital, ERG, Allur, «АгромашХолдинг», «Базис-А», RG Brands көмектеседі.
Солтүстік Қазақстан облысына «Қазақмыс» корпорациясы, Kaspi.kz және KAZ Minerals компаниялар тобы қол ұшын созады.