Қазақстандықтар мамырда қалай демалады?

2024 04 17 crop 3 2 617x1197 k azak standyk tar mamyrda neshe kun demalatyny belgili boldy 1713181131 Жаңалықтар

8 мамырдағы жұмыс күні сенбідегі демалыс күніне ауыстырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 17 сәуірдегі «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

«Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырылады», – делінген құжатта. Аталған бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры демалады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды. 4 мамыр жұмыс күні болады. Сонымен қатар, 1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз