Тасқын судан зардап шеккендер өтемақы өтінішін онлайн түрде бере алады

cuauauaa Жаңалықтар

Бұл туралы облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабта өткен брифингте мәлімдеді.

Жасұлан Орақұлының айтуынша, тасқын судан зардап шеккен Жылыой ауданының тұрғындары өтемақы алу үшін өтінішті egov.kz порталы арқылы онлайн режимде де бере алады.

–Құлсары қаласын тасқын судан құрғату – бүгінгі ең басты міндет. Ахуал тұрақтанған бойда тәуелсіз бағалау компаниялары жұмысына кіріседі. Бағалау барысында кейбір тұрғын үйлер адамның тұруына жарамды болуы мүмкін. Бағалау компаниялары жарамсыз немесе апаттық деп таныған үйлер бойынша қаулыға сәйкес атқарушы органдар өтемақыны төлеуге кіріседі, – деді Ж.Бисембиев.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз