Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар Кемерово құрбандарын еске алды (ВИДЕО)

Атырау қаласының тұрғындары кеше Кемеровода алапат өрттен қаза тапқан адамдарды еске алып, «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алаудың алдына жиналды.

122

Дүйім жұртты дүрліктірген қаралы оқиғаға бүгінгі күні барлығы ортақтасу үстінде. Бұл атыраулықтардың да назарынан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған хабарламаға тұрғындар қолдау білдіріп, кеше «Жеңіс» саябағында мәңгілік алаудың жанында шам, гүл, ойыншықтарды қойды.

Мәңгілік алаудың жанында жиналған жұрт дұға бағыштап, біреуі көзінен жас алды.

-Иә, қаралы оқиға бәрімізге ауыр тиді. Бұл ешкімнің басына бермесін. Қаза болғандардың отбасына көңіл айтамыз, — деп атыраулықтар Ресей халқының қайғысына ортақ екендіктерін жеткізді.

Айта кету керек, Кемерово құрбандарын Қазақстанның барлық қалалары еске алуда.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button