dossor

Доссордағы тұзды сор талапқа сай жабыла ма?

Жаңалықтар
13 / 100


110 жылдық тарихы бар мұнайлы Доссор ауылы тұрғындарын алаңдатып отырған мәселе – сорлардың ашық жатуы. Яғни, «ашық алаңқайларды талапқа сай жауып, жерді ел игілігіне пайдаланса» деген доссорлықтар уәжіне қатысты нақты ақпарат білу мақсатында atr.kz тілшісі Мақат ауданы әкімдігіне хабарласып, мән жайды білді.

«Кент тұрғындарының сорды топырақпен көміп, жерді халық пайдасына айналдыруды қалауы – құптарлық жайт» деген Мақат ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азамат Шанғалаев аталған мәселенің аудан әкімдігінің бақылауында тұрғанын жеткізді.
Топырақ төгу жұмыстары бұған дейін де жүргізілген. «Ол жерлерге топырақ төгіліп келгенімен, сортаң жердің жағдайына байланысты табиғи құбылыстар салдарынан бүгінде ізі де қалмағаны жасырын емес. Демеушілер көмегімен Доссор кентішілік жолдың екі жағына (ені 8 метр, ұзындығы 230 метр жерге) топырақ төгіліп, тал-теректер отырғызылды» деді Азамат Жәмшебайұлы бізбен әңгімесінде.


Білгеніміздей, аталған мәселені шешу үшін өңірдегі мұнай-газ компанияларының көмегіне жүгіну қарастырылып, «Ембімұнайгаз» АҚ және «НКОК» компаниясына хат жолданған. Компаниялар арнайы техникалар ұйымдастыруды жауапкершіліктеріне алыпты. «Әзірге қаражат мәселесі шешімін таппаған болуы керек, кешеуілдеп тұр. Келешекте жүзеге асырылады деп сенеміз. Қазіргі таңда ең өзекті болып отырған да осы Доссор мен Мақат кенттеріндегі сорлардың мәселесі. Бұл экологиялық тұрғыда кезек күттірмейтін жайт екені облыс әкімдігінің назарына берілді. Бұдан бөлек техникалық-экономикалық негіздеме жасап, қаражат талап ету үшін технологиялық әдістердің маңызды рөл атқаратынын ескеру керек. Себебі, топырақ төгумен көтерілген мәселе шешімін таппайды» дейді Азамат Шанғалаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған