Жаңалықтар
Тасқын су Индербордың кірмежолын басты
“Атырау-Орал” тас жолынан Индербор кентіне 7 шақырым кірмежолды су басу қаупі төнді. Бұл туралы Индер ауданының әкімдігі хабарлады.
Жайық деңгейінің өсуіне байланысты және қатты желдің салдарынан су қатты соғып, қауіп күшеюде.
Жолдың жанын бөгетпен бекіткенмен, су асфальттың астына өтіп, жарып шығып жатыр. Жүк көліктері қазіргі ахуалға байланысты тоқтатылды. Жағдай бақылауда, тиісті жұмыстар әлі де жалғасуда.
А.Нәсіпқалиқызы