Жарнама
Жаңалықтар

Тасқын су: ағыс қатты

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентіндегі гидропостта бір тәулікте 5 сантиметрге төмендеді. Жалпы деңгейі 1011 сантиметрге түсті. Бірақ қауіпті мөлшерден әлі 196 сантиметрге көп. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Жергілікті гидрологтардың ақпаратына сүйенсек, Махамбет кентінде су деңгейі бір тәулікте 5 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 1020 сантиметрді құрады. Шекті мөлшерден 170 сантиметрге артық. Ал Атырау қаласындағы гидро бекетте су деңгейі 4 сантиметрге көбейіп, 577 сантиметр болды. Қауіпті деңгейден 27 сантиметрге асқан. Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберілуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button