Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Тарих қойнауындағы құтты мекендер

Былтыр облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы Махамбет және Индер аудандары аумағынан жаңадан тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтап, оларды мемлекет қорғауына алу және оларға мәртебе беру үшін далалық ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды.

107 жаңа нысан анықталды

Іссапарға бас инспектордың жетекшілігімен археологтар С.Мираш пен Ғ.Базарбаев, тарихшылар Р.Қуанов пен Е.Орынбасаровтар қатысты. Экспедиция барысында анықталған 107 нысанның басым бөлігі – ерте темір дәуірлік Сармат қорғандары. Олардың ішінде бірнеше обадан тұратын топтық қорғандар да бар. Бір-біріне жақын орналасқандықтан бір ғана ескерткіш ретінде тізімделді. Яғни олардың жекеленген санын есептесе 113-ті құрайды. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіне жататын сәулеттік маңызы бар құлпытастар мен қабір үсті құрылыстары (мазар, сағанатам) шоғырланған қорымдар, тұрғынжайлар, мешіттер мен мектептердің орындары, үңгір және т.б. тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштер де есепке алынды. Жаңадан анықталған 107 нысанның 74-і – археологиялық ескерткіш, 27-сі – ансамбльдер мен кешендер, 5-еуі – киелі объектілер, 1-еуі – қала құрылыс және сәулет ескерткіші.

Атап айтқанда 68 қорған, 28 қорым, 3 мешіт, 2 тұрғынжай, 2 мектеп пен 1 ғибадат орны, 1 үңгір, 1 тұзды көл мен 1 тұрақ табылды. Анықталған қорымдардағы құлпытастардың көлемі мен пішіні сан-алуан. Олар құмды ]әктасты блоктардан қашалған және араб эпиграфикасымен жазылып, әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген. Арасында өте нақышталып оюланбаған жазық бедерлі құлпытастар да кездесті. Осындай сәулеттік маңызы б а р қ о р ы м д а р – Н а р ы н құмының шығыс жиегінде орналасқан ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне жататын Түрікпен Адайлардың қауымы, Айжарық пен Беріш-Себек руының қауымы, Батырбек қорымдары. Айжарықта 27, Батырбекте 25 құлпытас шоғырланған. Негізінен, құмды аумақтарда ескі құлпытастары бар мұндай қорымдар сирек кездесетін жайт.

Сонымен қатар, Есбол ауылында Беріш, Таз, Адай, Байбақты ру тумалары жерленген қорымда 100-ден астам, Жарсуат ауылынан шығысқа қарай 20 км жердегі Жамантау қыратынан оңтүстікке қарай 2,5 км қашықтықта орналасқан, негізінен Беріш-Бегіс руының Наурыз бөлімінің қауымы болып саналатын Түменбаймола қорымында 27 ескі құлпытас бар.

Мешіттер сыр шертеді

Зерттеу жұмыстары кезінде бірнеше мешіттің орындары мен құландылары есепке алын[1]ды. Атап айтсақ Махамбет ауданы Алға ауылының маңындағы руы Құлкеш Бисенғали қажы салдырған «Ақсай» мешіті, Нарын құмының Индер ауданы бөлігінде орналасқан  Себек руынан шыққан Хисметолла Ахун салдырған мешіт және Жайық руының өкілі әйгілі Әйіп қажы салдырған «КөСыркмешіттің» орындары бар. 2019 жылы Нарын аумағынан Ахмет ата мешіті мен Бөрте мешіттерінің орындары е сепке алынып, тіркелген болатын. «Ақсай» мешітінің орны[1]на биіктігі 6 метр болатын ескерткіш белгі орнатылған. Ескі мешіт құрылысының орындары биік төмпек болып қалыпты. А л « Х и с м е т о л л а а ху н хазірет» мешіті Өрлік ауылынан оңтүстік-батысқа 72 км. жер[1]де биік төбешікте орналасқан. Мешіттің көлемі 10х8 м. Мешіттің құрылысы жақсы сақталған. Қабырғасы саман та[1]стан қаланып, төбесін қамыспен жапқан, терезелері ағаштан дайындалып, жақтаулары әртүрлі ою өрнектермен безендірілген. Мешіттен шығысқа қарай 50 метр жерде ескі мешіттің орны бар. Үстінде белгі орнатылған, белгіде «Беріш, Себек, Кемесай Хисметтола Ахун Аралұлы 1813 жылы мешіт салды» деп жазылған. Х и с м е т о л л а – р у ы Беріш-С ебек Сұлт ануәйіс Арал хазіреттің кіші баласы. Шежірелік деректерде Арал хазірет Үдерұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген, діни са[1]уатты, жоғары білім алған а д а м . С е б е к – Б ө р і б а с т ы ң Тума аталығынан тарайды. Кемесайдан Байшағыр, одан Үдер, Үдерден Арал (шын аты Сұлтануәйіс). Башқұртстанның Стерлітамақ қаласында дін оқуын бітіріп, елге Ара л хазірет дәрежесімен оралған. 1840 жылы Жәңгір ханның бұйрығымен указной молда болып бекітілген. Тумада (Нарын құмында) мешіт салдырып, медресе ашып, ауыл балаларының сауатын ашуда аянбай еңбек еткен. Ұлы Ғұбайдолла Уфада оқып, елге келген соң медреседе дәріс оқыған, Меккеге 4 рет барған. Бүгінде Аралдан тараған ұрпақты әлі күнге хазрет әулеті деп құрмет тұтады. Ұрпақтары Атырау облысында тұрады. И н д е р а уд а н ы Ө р л і к ауылынан оңтүстік-батысқа 70 шақырым жерде Нарын құмында қауымдық қорымы бар. Арал хазірет ұрпақтарымен бірге осы жерде жерленген. Ал Аралұлы Хисметолла ахун салдырған мешіттің құландысы осы қорымнан солтүстікке 400 метр жерде. Негізінен, Арал хазіретті оқуға жіберген Жәңгір ханның өзі еді. Оған себепші б ол ғ а н Қ о н д ы б а й ш е ш е н Байшағырұлы – ХІХ ғасырда өмір сүрген, сөзге шешен, әрі шебер етікші болған. Арал хазіреттің әкесі Үдердің туған інісі. Жәңгір хан заманында Саржала немересі Қойбас би Қондыбаймен барып, ханнан жер сұрайды. Сонда, Қондыбай өлең жолдарымен: Жайықты орыс бермейді, Әдепті Қойыс білмейді. Ірге құмды Тана бермейді, Қаратоқай және бермейді. Аспаннан құдай жаңбыр Ж о ғ а р ы д а а т а л ғ а н «Көкмешітті» салдырған Әйіп қажы 1838 жылы қазіргі Өрлік ауылы аумағындағы «Жасыл шағыл» деген жерде ауқатты от[1]басында дүниеге келген. Ауыл молдасынан, одан кейін Қазан қаласында білім алған. 17 жасынан Толыбай, Тума жерінде старшын атанған Әйіп Меккеге қажылыққа үш рет барған. Сондай-ақ Мысыр, Парсы, Араб, Шам елдерінде болып, шығыс елдерінің мәдениетін, озық үлгілерін көріп, өз халқына үйреткен. Е л г е с ы й л ы , қ ұ р м е т т і Шолтыр бидің баласы Мақаш правительмен, Батырбектің Бегалысымен аралас-құралас, сенімді дос болған. 1894 жылы Николай Екіншінің таққа отыру рәсіміне Кіші жүзден барған бес адамның бірі Әйіп еді. Сол кезде ол мешіт салуға рұқсат сұрапты. Сөйтіп 1903 жылдары өзі тұрған Есепке алынған мектеп орындары Махамбет ауданы Ақжайық ауылы тұсындағы Қызыл үй мектебі мен Нарын құмындағы Сазды мектебі.

Сонымен қатар өзге де анықталған тарихи-мәдени маңызды нысандар – Индер ауданы аумағында орналасқан Шолан тұзды көлі мен Төлес үңгірі. Ертеден жергілікті тұрғындар Нарын құмында орна ласқан Шолан тұзын күнделікті ас дайындау мен өзге де қажеттіліктерге пайда[1]ланып келеді. «Асқа қосылған Шоланның тұзы тамақтың дәмін ерекше қылады» деген жергілікті тұрғындар оны қасиетті санай[1]ды. Тұзды алар кезде алдымен арнайы садақаларын байлайды. Шежірелік деректерде Нарынның бергі құм етегіндегі ел руға бөлініп қоныстанғанда себектер Туманы, Қаратоқайлар М ә м б е т т і , Қ ұ л к е ш т е р бермейді, Жерді Жәңгір бермейді. К е т е й і н д е с е м с е н і қимаймын, Кетпейін десем ен Нарынға с ы й ма й м ы н , — д е п С е бе к а т а л ы ғ ы н а а т ш а п т ы р ы м жер алып, «Қойбас қорығы» атандырыпты. Кейін асқан шеберлігімен ханға жағып, кебіс, етік, бір ілгегін ағытқанда мәс болып шығатын оюлаған аяқкиім тігіпті. Сөйтіп хан тілегін орындапты деседі. Хан Қондыбайға «Саған мынадай сұрағым бар! Мал не, қыз не, әйел не, ұл не, ер не?» депті. Сонда Қондыбай мүдірместен «Мал кіріс емес пе?! Қызың өріс емес пе?! Әйел – ердің тұрағы, Ұл – елдің шырағы. Инабат – ел азығы, Ер – ел қазығы» деп жау]ап беріпті. Риза болған хан зерлі шапан жауып, ер-тұрманымен ат мінгізіпті. Сөйтіп, Үдердің баласы Аралды хан қазынасынан қаржы бөлдіріп, оқытқан екен. жерден жеке қаржысына «Көк мешітті» салдырған. Сыртқы пішіні көк болған соң, халық солай атап кеткен. Мұнда бастапқыда балаларға тек діни білім берілген. Кейін Әйіп қажы патша Романовтар династиясының 300 жылдығына екінші рет барғанда мектеп ашуға рұқсат алады. 1913-1914 жылдары мешіт мектепке, ме[1]дресе үйлері жатақханаға айналады. Осылайша алғашқы білім беретін мектеп болып ашылған.

 Сыр бүккен Нарын

Экспедиция барысын — да табылған тұрғынжайлар ХІХ-ХХ ғ.ғ. бас кезіне жатады. Олар Индер таулары төңірінен анықталды. Тау таста[1]рынан қаланған ғимараттардың қабырғалары ғана сақталған. Тұрғын-жай құрылыстарының айналасынан ХІХ-ХХ ғ.ғ. тән лак жағылған керамикалық ыдыс сынықтары табылды. Қаңбақтыны, Жайықтар осы Шолан тауы мен Толыбай маңын қыс қыстап, жаз жайлаған деседі. Осы Шолан тауының етегінде аумағы 1 шаршы шақырымды құрайтын үлкен сор бар. Оның тұзымен сол жердің тұрғындары ас тұздаса, қара тұзымен қой ауруымен ауырған балалар[1]ды шомылдырған. Яғни емдік қасиеті бар. Бұл көлдің «Шолантау» аталуының да өзіндік сыр[1]л а р ы б а р . М ы с а л ы , қ ы р қазақтарында «шолан тұзы» деп кәдімгі шоланға сақтайтын қара тұзды айтады. Оны осы көлден алатындықтан бұл жерді «Шолантұз» кейін «Шолантау» атап кетсе керек. Тау есімі бұл маңдағы қыраттарға байланысты да қойылуы мүмкін.

Сондай-ақ кейбір деректерде Сырымның атасы атақты Шолан батырдың есімімен байланы[1]стырылады. Ал Төлес үңгірі – Индер тауларының шығыс жиегінде орын тепкен. Индер таула[1]ры аумағындағы көптеген үңгірлердің ішіндегі ең үлкені десе де болады. Индер кентінен шығысқа 21 км. үлкен жыраның орталық бөлігінде орналасқан. Үңгірдің үстінде саман тастан салынған 2 тұрғын жай орын[1]дары сақталған. Кіреберісінің биіктігі 4, ені 6 метр, 4 бөлмеден тұрады. Бүгінде қабырғалары құлап, көміле бастаған. Төлес атауы сол маңда қоныстанған Е с е н ғ ұ л р у ы н ы ң т у м а с ы Төлестің есімімен аталған. Ерекше атап өтуге болатын нысанның бірі – Өрлік ауылы[1]нан батысқа 53 км. қашықтықта Нарын құмында орын тепкен ғибадаттық орын. Ол Тегембай т ау қ ы р а т ы н ы ң ү с т і н д е орналасқан 30-ға жуық тас пли[1]талы қоршаулардан тұрады. Бұл қоршаулар ежелгі халықтардың діни жоралғыларын өткізу орны немесе жерлеу орындары болуы мүмкін. Қай кезеңге тән екендігі де белгісіз. Тек өзге өңірлерде орналасқан құрылысы осын[1]дай ескерткіштермен салы[1]стырмалы түрде ғана қола дәуіріне тән деп жорамалдай аламыз. Алдағы уақытта бұл ескерткіштің қай кезеңде, не үшін жасалғандығын анықтау үшін қазба жұмыстарын жүргізу қажет. Экспедиция барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері суретке түсіріліп, сызбалық жобалары сызылды және құлпытастардағы төте араб жазулары оқылды. Анықталған объектілердің бірқатар бөлігінің жай-күйі төмен. Қорымдарда шоғырланған құлпытастардың к ө п ш і л і г і с ы н ғ а н ж ә н е құлаған. Кейбіреулерінің жа[1]зулары сақталмаған. Кейбір қорғандар егістік алқаптың ішкі бетінде қалуына байла[1]нысты күреліп, адам көзіне көрінбейтін жағдайға жеткені тек спутниктік (Bing.Google) карталарда ғана байқалады. Зерттеулер нәтижесінде анықталған ескерткіштердің көбісінің атауы, топографиялық карталардан және жергілікті т ұ р ғ а н д а р д ы ң а й т у ы б о й ы н ш а к ө р с е т і л д і .

 К ө р і п о т ы р ғ а н ы м ы з д а й , облысымыздың шағын ғана аумағына жүргізілген экспе[1]диция барысында жүзден аса тарихи-мәдени маңызы бар объектілер анықталып отыр. А л а й д а , Н а р ы н қ ұ м ы н ы ң аумағы әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Сондықтан алдағы уақытта да жаңадан тарихи[1]мәдени ескерткіштерді анықтау мақсатында кешенді зерт[1]теу жұмыстарын жалғастыру мекеменің алдағы жұмыс жос[1]парына енгізілген. Фархад БАЙДӘУЛЕТОВ, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының бас инспекторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button