«Бейбарыс» – суперфиналда!

«Бейбарыс» – суперфиналда Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шайбалы хоккейден өткен маусымда топ жарған атыраулық «Бейбарыс» командасы ел чемпионы атанып қана қоймай, Құрлықтық кубок турнирінде ел намысын қорғауға жолдама алған болатын. Айта кетсек, әсіресе, еуропалық лигалардың чемпиондары сынға түсетін дәстүрлі бәсекеде «Бейбарыстың» тәжірибесі бар. Өйткені, Александр Истоминнің тәрбиеленушілері бұған дейін де екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, Халықаралық хоккей федерациясы жыл сайын ұйымдастыратын аталмыш додада өнер көрсетіп, бір раундтан өткен болатын.

%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81-%d1%81%d1%83%d0%bf%d0%b5%d1%80%d1%84%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b0

Ал, биылғы турнирде 17 елден командалар таласуда. «Е» тобында жерлестерімізбен бірге  белоруссиялық «Шахтер», польшалық «Тыхы» және айдын иелері итальяндық «Риттен Спорт» командалары бақ сынады.

Алғашқы қарсылас Беларусь Республикасындағы Солигорск қаласының «Шахтер» командасы болды. Ойын есебін қарсыластар ашқанымен, кейін атыраулық хоккейшілер төрт рет белоруссиялықтар қақпасының саңылауын таба білді. Ал, біздің қақпашымыз Адам Свобода турнир ұйымдастырушыларының шешімімен бұл матчтың үздік ойыншысы атанды. Деректерге сүйенсек, қарсыластар қақпамызға 32 рет соққы жасаған екен. Ал, Адам оның 31-ін кері қайтарып, 96 пайыз көрсеткішке қол жеткізді.

Сенбі күні айдын иелерімен өткен кездесуде ойын 3:2 есебімен аяқталды. Бұл жолы «Бейбарыс» сапынан Максим Шарифьянов пен Альберт Вишняков ерекшеленсе, итальяндық ойыншылар үш гол салып, жеңіске жетті. Сондықтан, ұпай жіберіп алған жерлестеріміз үшінші раундтың соңғы турындағы польшалық «Тыхы» командасымен ойынның нәтижесі өте маңызды екенін жақсы түсінді. Бірінші кезең аяқталуға санаулы секундтар қалғанда «бейбарыстықтар» гол салып, алға шықса, он бес минуттық үзілістен шыға салысымен, есепті екі еселеді. Польшалықтар таблодағы есепті теңестіре алғанымен, қазақстандық команда ойыншылары тағы да екі голмен жауап қайтарды. Есеп – 2:4.

%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81-%d1%81%d1%83%d0%bf%d0%b5%d1%80%d1%84%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b0-2

Сөйтіп, «Бейбарыс» өз тарихында тұңғыш рет суперфиналға жолдама алып отыр. Турнир ережесіне сәйкес, әр топтан І және ІІ орын алған командалар ақтық сынға шығады. Яғни, бұл топта көш бастаған «Риттен Спорт» және екінші төрттікте оза шапқан даниялық «Оденсе Бульдогз» бен англиялық «Ноттингем Пантерз» суперкубок үшін таласты жалғастырмақ. Үздік төрт клубтың ендігі ойындары келер жылдың қаңтар айында өтеді. Ал, турнир жеңімпазы келер жылға Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алады.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз