Өткен тәулікте Атырау облысында 60 адамнан коронавирус анықталды

9b2485fcd56df747b1247e84233b6f28 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 60  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Атырау облысының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 37 жұмысшыдан, Жылыой-2, Мақат-1, Қызылқоға-1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 275  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  106
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда- 32,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 619 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз