Жарнама
Жаңалықтар

Тәрбиенің негізі – ұлттық құндылықта

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов “Қазақия” қоғамдық қорының директоры Жанар Әбіш өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.

Меморандум ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Құжат аясында шығармашылық шеберлік сыныптары, семинарлар мен тренингтер өткізіліп, балаларға арналған білім беру және мәдени бастамалар қолға алынады.

–Ұрпақтың бо­йына қайырымдылық пен ізгіліктің дә­нін себу тәрбиеден бастау алады. Сондықтан жас буынды ұлттық құндылықтармен бітеқайнастырып, салт-дәстүр, таным-түсінігімізді барынша сауатты түсіндіру – баршамыздың міндетіміз. Екі жақты келісім-шарт білім саласында ұлттық болмысымызды насихаттауға зор ықпалын тигізеді деген сенімдемін, — деді аймақтың бас педагогы Марат Әлменұлы.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button