«TarbieLike» — жаңа білім мен тәжірибе алаңы
Облыстық білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы «TarbieLike» тимбилдингін ұйымдастырды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі мамандарына арналған іс-шара Индер көп бейінді ауылшаруашылық колледжі базасында өтті.
Орталықтың бөлім басшысы Кәмшат Шошахованың айтуынша, тимбилдинг тәрбие мамандарының арасында біртұтас команда моделін қалыптастыру, топта жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру, ойын барысында жағымды атмосфера қалыптастыру, тәрбие жүйесіне ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
Айта кету керек, тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі.