Атырау қалалық перзентханасында дауыс беру аяқталды

IMG 20190609 WA0053 Жаңалықтар

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл.  Атырау қалалық перзентханасындағы аналар да саяси науқанда өз таңдауларын жасады.

Аталған ғимаратта N80 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Атырау қалалық перзентхана директорының орынбасары Назымгүл Бақтыгерейқызының хабарлауынша, бүгінде мұнда 74 жас ана бар. Оның 71-і аталған сайлау учаскесінде өздері қалаған кандидатқа дауыс берді. «Соның ішінде, 18 жастағы екі азаматша алғаш рет өз таңдауын жасады. Ғимаратта сағат 7.00-де басталған науқан түс ауа аяқталды. Дәл қазірті уақытта санақ жұмыстары жүргізілуде» деді спикер.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз