Танымал саяхатшы блогер Атырауға келеді

dianra Жаңалықтар

Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырауда тұңғыш рет өткізілгелі отырған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумында бірнеше іс-шаралар өтетіні белгілі. Солардың бірі Спикер №7 зияткерлік конференциясы.

дианра

Динара Болат – әлемнің 18 елінде саяхаттаған әлеуметтік желіде танымал блогер. Аталған жоба аясында блогер Атыраулықтарға «Саяхат – адам өміріндегі ең басты жетістік кепілі» тақырыбында баяндама жасайтын болады.

Сонымен қатар, Спикер №7 жобасына саясаттаунушы, «Күміс кітап» кітабының авторы Бақытжан Бұқарбай, танымал тележүргізуші Жанар Байсемізова, «Дарын» сыйлығының иегері Олжас Сулейменов, эколог, «Жыл үздігі -2017»  сыйлығының иегері Азилхан Байбатыров, әуесқой-физик Артем Блох қатысады.

 

Еңлік СҰЛТАН

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз