ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРБАЛАСЫ

Қалада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

 

Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспанов бұл бағытта кешенді шаралардың қолға алынғанын баяндады.

– Қар тазалау жұмыстарына 90-нан аса ірі техника, 300-ден аса жұмысшы жұмылдырылды. Орталық көшелер, жеке тұрғын үйлер, жағдайы төмен, мүгедек отбасыларының аулалары қардан тазартылды. Барлығы 100 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды. Осы жұмыстарға қатысты шағымдарды 8-701-611-29-30 whatsapp нөміріне жолдауға болады, – деді Э.Оспанов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз