ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекесімен құттықтады. Басқосуға облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, аймақтағы меншікті тілшілер және ардагер журналистер қатысты. 

Алдымен, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаған шаһар басшысы күнделікті өмірімізде болып жатқан оқиғалардың жаршысы саналатын құрметті мамандықтың ерекшелігіне тоқталды.  

– Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі мен маңызы орасан зор. Қазіргі әлемді ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Біз бүгін теледидар мен радио, мерзімдік баспасөз, баспахана мен коммуникация саласы қызметкерлеріне және біздің ақпарат кеңістігімізді мазмұнды да мағыналы етіп жүрген барлықтарыңызға асқан құрметпен қараймыз. Жазған дүниелеріңіздің әрбіреуін жібермей оқып, көріп, тыңдап, әркез ойымызды білдіріп отырамыз, – деген қала әкімі Нұрлыбек Ожаев қалам ұстаған қауымның баршасына игі тілегін арнап, шығармашылық табыстар тіледі.

Қаланың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды, жақсы істерді көпшілікке жеткізіп, түрлі мәселелерді шешу жолында белсене қалам тартқан, сондай-ақ, жоғары кәсібилігі, шыншылдығы үшін бір топ журналист Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз