Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Таңдай ауылында жаңа ықшамаудан салынады

Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылында жаңа ықшам аудан бой түземек, — деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір, ауыл маңында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы қызып тұр. Ауданға сапарлаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құрылыс алаңына арнайы барып, жұмысшы топпен тілдесті. Белгіленген аумаққа су, жарық және газ желілері толық тартылған соң, кезектегі 400-ге жуық азаматқа жер телімі берілмек. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, күні бүгінде жоба аясындағы жұмыстардың 80 пайызы аяқталған.

  • Инфрақұрылымды жүргізу жобасы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Жұмыс барысында Таңдай селосының электр станциясы қайта жаңғртылады. Жалпы, 2022 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарланған жұмыстар, белгіленген мерзімнен бұрын тапсырылады деп күтілуде – дейді, мердігер мекеме өкілі Н.Қайреденов

Бұдан бөлек, Таңдай ауылында биыл ауылішілік жаңа жол салынған. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, тротуары да бар. Алты айға жоспарланған жол-құрылысы мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек. Таңдай ауылын аралаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button