![Tanda.enbek.kz порталында вакансиялар жәрмеңкесі өтіп тұрады 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/sns8zs5knnzj5ydrfz7dsxllat6cpxwtmwkzxkx8.jpg)
Жаңалықтар
Tanda.enbek.kz порталында вакансиялар жәрмеңкесі өтіп тұрады
Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін өткізу мүмкіндігі іске асырылды.
Онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі. Әрбір жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады.
Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет.
Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған.