Жарнама
Жаңалықтар

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы

Республикалық акциясы Атырауда жалғасты

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тәуелсіз-дігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында Астанадан аймақтарды аралау сапарына шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы кеше Мақат стансасына келді. Делегациясының құрамында еліміздің  бірнеше министрлігі мен  ұлттық компания өкілдері бар.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba-%d0%b1%d2%b1%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d1%96%d0%ba

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясына орай түрлі мәдени және қоғамдық, қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсетіледі. Мәселен, жұртшылыққа жоғары дәрежелі дәрігерлер медициналық жәрдем көрсетсе, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім беру салалары бойынша кеңестер беріледі. Ел Тәуелсіздігі тақырыбында «25 жылдың белестері», «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның басты құндылығы» тақырыбында арнайы лекциялар өткізеді.

Кеше кешкісін теміржол вокзалында атаулы пойызды Атырау қаласының тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Бүгін  «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын насихаттау шаралары  облыстық мекемелер мен ұйымдарда жалғасатын болады.

Мақат кентіне келіп аялдаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын Мақат ауданының әкімі Берікқали Сәрсен-ғалиев бастаған азаматтар салтанатты жағдайда қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді.

Ел экономикасын көтеруде мемлекет бюджетінің 35 пайызын құрап отырған мұнайлы Атырау өңіріне алғыстарын жеткізе келген пойыздың штаб басшысы Әміржан Әлпейісов халықтың әлеуеті артып, келешекте де биік белестерді бағындыруына тілегін қосты.

Егемен еліміздің тұрақтылығы мен орнықты дамуына үлес қосу – баршамызға абыройлы міндет. Осындай күрделі кезеңде елдің рухын көтеріп, халық арасында әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу, елдің өткенін зерделеп, бүгінін бағамдау мақсатында міндет арқалаған топ мүшелері аудандағы әр сала бойынша қызмет көрсетті.

Пойыз делегациясы құрамында «Қазақстан теміржолы» АҚ-нан, Қазақстан халқы Ассамблеясынан, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен, Ауыл шаруашылығы министрлігінен, Ұлттық экономика министрлігінен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, Әділет ми-нистрлігінен, Білім және ғылым министрлігінен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен жауапты қызметкерлер келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Әр сала бойынша мамандар жергілікті халықтың құ-қықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет заңдарына енгізілген өзгерістерге сай кеңес беріп, тәуелсіз мемлекеті-міздің әлеуетін көтеруге бағытталған жұмыстарға маңыз берді.

Мемлекет «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қолға алып, халық денсаулығын сақтау мақсатында жаңа жүйе мен заманауи технологиялардың игілігін көруде. Десек те, маман тапшылығы жергілікті халық денсаулығын сақтаудағы жұмыстарға кеңес беру, осы бағытта қолдау көрсетуді қажет етеді. Осыған орай, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы құрамында дәрігерлік қабылдау шараларын ұйымдастыру мен мамандар кеңесін алудың да мүмкіндігі туғызылды. Аудандық аурухана ғимаратында қабылдау өткізген 18 дәрігер-маман 260-қа жуық тұрғынды қабылдап, қызмет көрсетті. Әсіресе, травматолог-ортопед, уролог, ангиохирург, невролог, кардиолог, эндокринолог, онколог дәрігерлерге сұраныс жоғары болды.

Білім саласы бойынша М.Баймұханов және Х.Санбаев атындағы орта мектептер базасында мамандар жоғары білім беру мәселелері туралы мемлекеттік қолдау шараларының ұйымдастырылуы, мемлекеттік тапсырыс, жоғары білім мазмұны мен әдістемесі, техникалық және кәсіптік білімнің басым бағыттары, жаңартылған білім беру мазмұны, мектепке дейінгі қызмет көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы кеңестер алды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласы мамандары еліміздің заңдарын басшылыққа алып, қабылдауға келген тұрғындардың сауалдарын қанағаттандырды.

Аудан орталығындағы Л.Шахатов атындағы орта мектеп ғимаратында тұрғындарды қабылдаған құқықтық қызмет көрсету саласы мамандары мемлекеттік қызмет көрсету базасының кеңейтілген әдістерін зерделеп, түсіндірді. Елімізде пилоттық жоба негізінде мемлекеттік қызмет аясы кеңейіп, халықтың электрондық сандық жүйемен тез, әрі тиімді қызмет мүмкіндіктерін пайдалануына бар жағдай жасалған. Мұның бәрі – ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде жеткен жетістіктері, дамуымыздың айқын көрінісі.

Заң шеңберінде азаматтардың ақпараттануын, құқықтық сауаттылығын жетілдіре түсу де маңызды. Осыған орай, заңгер мамандар халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудегі көкейде жүрген сұрақтарына түсінік берді.

Елбасымыз дамыған елдер қатарына ену үшін Қазақстан қарқынды жобаларға иек артып, экономикамызды әлеуметтік тұрғыда жетілдірудің маңыздылығына басымдық берді. Ол үшін орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудың рөлі зор. «Атамекен» ҰКП өкілдері аудандағы кәсіпкерлермен кездесудің орайын келтіріп, ел әлеуетін көтеруге негіз болар шараларға қолдау көрсетудің барысын зерделеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің несие қаржысын игеру, мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген несиелердің пайыздық жеңілдік мөлшері туралы елу кәсіпкерге тегін кеңес берді.

Әлеуметтік қызмет көрсету бағытында да арнайы мамандар  жергілікті тұрғындарды қабылдады. «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасына қатысу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы және жасы бойынша жәрдемақы төлемі мен әлеуметтік төлемдер бойынша, мемлекеттік арнайы жәрдемақының мөлшерін есептеуді тағайындау және есептеу тәртібі, басқа да сауалдарға мақаттықтар нақты жауаптарын алып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қызмет көрсету заңдылықтары туралы он тұрғын қабылдауда болып, кеңес алды.

Топ жетекшісі Әміржан Әлпейісов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте оқушылар мен педагогикалық ұжыммен кездесті. Олар көп ұлтты мемлекетіміздің татулығын танытар түрлі этностар тарихынан сыр шертіп, Қазақ еліндегі мәдени даму жетістіктері мен рухани құндылығымыз туралы пікір бөлісті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында тұрғындарды қабылдаған делегация өкілдері көпшіліктің өтінішін жеткізген Дәмен Алтаева біраздан бері шешімін таппай келетін Мақат–Доссор тас жолын жөндеу, аудандық аурухананың маманы Еділ Тайпанов ауданда акушер-гинеколог маман жетіспеушілігі туралы мәселе көтерді. Астаналық меймандар тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешімін табуға жұмыстанатындықтарын қаперледі.

Ауданға келген делегация мүшелерінің құрметіне мәдениет үйі сахнасында өнерпаздардың қатысуымен «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт ұсынылды.

Республикалық «Тәуелсіз Қазақстан» пойызында арнайы сапармен болған акцияға қатысушыларға аудан халқының атынан зор ризашылығын жеткізген аудан әкімі Берікқали Сәрсенғалиев штаб басшысы Әміржан Әлпейісовке Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстап, сәт-сапар тіледі.

Лена МЫҢБАЙҚЫЗЫ,

Мақат ауданы.

Пікір. Тілек. Ұсыныс.

Сәбит Халенов, Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Елді дамытуға қоғамды топтастыру – бүгінгі күннің басты мұраты болса, ардагерлеріміздің осы бағыттағы жұмыстары да көңіл қуантады. Бүгінде жастармен бірігіп, қоян-қолтық қызмет етуді үйлесімді жалғап келеміз. Мұның бәрі ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын одан әрі нығайтып тұрғандай.

 Саламат Қуанышев, кәсіпкер:

— Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жақсы жағдай туғызылған. Бизнесті қолдау арқылы мемлекет одан әрі дамуға мүмкіндік алады.

Бүгінгі шара барысында кәсіпкерлерге түрлі мазмұндағы кеңестер алуға, кәсібін кеңейту үшін қарастырылған жеңілдіктердің жайы туралы ақпараттануына мүмкіндік туғызылды. Кәсіпкерлер палатасының жұмыстарымен таныстық.

 Күләш Исалиева, зейнеткер:

— Егеменді елдің ертеңі саламатты қоғаммен ұштасып,  жарқын өмір, айқын бағытпен өрілмек. Әрине, қай елдің болмасын, бақуатты ғұмыры онда өмір сүретін халықтың денсаулығымен тығыз байланысты. Бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының дәрігерлері аудандық емханада біраз тұрғынды қабылдап, қолдан келгенінше кеңестерін бергендігінің куәсі болдым. Жалпы, адам баласы мүмкіндігінше, бір-біріне қол ұшын беріп, жақсылық жасау парыз екендігін әркез ұмытпауы керек. Қарапайым жылы сөздің өзі – жанға шипа. Бүгінде қоғамда жаны жүдеу, көңілі пәс адамдарға қамқорлық танытушы азаматтар аз кездесіп жүрген жоқ. Мен осындай мейірімге толы адамдарға әрқашан аналық алғысымды айтып жүремін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button