ЖАНАРМАЙДЫҢ «ЖЫРЫ» қалай шешімін табады?

Жаңалықтар
5 / 100

Ішкі нарықтағы бензин бағасы күрт қымбаттады. Мамандар мұның себебін мемлекеттің 2015 жылдан бері мұнай өнімдерінің (негізінен бензин мен дизель), ал 2016 жылдан газ бағасына бақылау мен қадағалау жүргізбейтіндігімен байланыстырып отыр.

zhanar zhagarmaj

Депутаттың сауалына – министрліктің жауабы Жуырда Мəжіліс депутаты Альберт Рау ел Үкіметіне, соның ішінде Энергетика министрлігіне депутаттық сауал жолдады. – Қалыптасқан жағдайға байланысты жанаржағармай нарығында баға келісімі жəне картельдік келісімдер жөнінде тергеп-тексеру шаралары жүргізілуі керек деп есептеймін. Нақтысын айтсам, жыл басы[нан бері ең көп тұтынылатын АИ-92 маркалы бензин бағасы (1 литріне) Алматыда – 160, Нұр-Сұлтанда – 170, Ақтауда – 172, ал Атырауда – 200 теңгеге жетті. Бұрындары мұның себебін министрлік импортқа тəуелділікпен, мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен түсіндіретін. Ал, бұл жолы оны Атырау мұнай өңдеу зауытындағы технологиялық қондырғылардың апатты жағдайда тоқтатылуымен байланыстырып отыр. Əрине, «объективті себепті» қашан да табуға болады. Əйткенмен бұдан көлік жүргізушілері зардап шекпеуі тиіс. Бензин бағасының көтерілуі тауар, тариф жəне басқа қызметтер бағасының өсуіне де тікелей əсер етіп, ең соңында бұл қарапайым тұтынушының қалтасына соғып, салмақ түсірері сөзсіз, – деді депутат.

Өз кезегінде Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің бағасы нарықтағы ұсыныс пен сұранысқа қарай реттелетінін алға тартып отыр. Осы тұста «мемлекет бензин бағасын арзандатуды неге қолға алмайды?» деген сауал туындайды. Ал, бұған ведомоство өкілдері былайша жауап береді: «Егер баға төмендесе, онда отандық өнім көршілес елдердің нарығына кетіп, өзімізде тапшылық туындауы ықтимал. Ал, енді баға жоғары болса, профицит пайда болып, қоймаларға бензин толып, бұл мұнай өңдеу зауыттарындағы қайта өңдеу көлемінің азаюына əкеледі. Жанар-жағармайға қойылған «төмен бағалар дəлізі» жер қойнауын пайдаланушылардың қайта өңделген шикізатқа төмен баға ұсынуы арқылы субсидияланып келді.

Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін мұнай бағасы тоннасына 20-45 мың теңге аралығында ауытқып тұр. Қайта есептегенде барреліне 6,5 – 15,2 долларды құрайды. Осыны ескерсек, қара алтынның құны барреліне 60 доллардан асып кетеді». Мəжіліс депутатының жолдаған сауалына министрліктен берілген жауаптың мазмұны осындай. Ведомоство мамандарының баяндауынша, баға қолдан төмендетілген жағдайда, оның пайдасын қазақстандықтар ғана емес, шекаралас аймақтардағы көршілер де көреді. Екіншіден, мұның өзі мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» жолмен экспортталуына жол ашады. Сайып келгенде, дəл осындай жағдайда мұнай-газ саласының тұрақты дамуына айтарлықтай қауіп төнбекші. Осыларды алға тартқан Мəжіліс депутаты Альберт Рау сауалының соңында Энергетика министрлігі жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдап, бензин бағасын реттеудің тиімді тетіктерін əзірлеп, қолданысқа енгізуі қажет деп санайды. Мəселеге орай, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев республикалық ақпарат құралдары арқылы мəлімдеме жасады. Онда былай делінген: «Бастапқыда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың 4 сəуіріне аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, болашақта мұнай өнімдерінің дефицитіне жол бермеу үшін министрлік «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен келісе отырып, кəсіпорындағы қондырғыларды жөндеу жұмыстарының мерзімін 24 сəуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.»

Министрдің сөзінше, биылғы қаңтар айындағы электр қуатының берілуіндегі іркілістер зауыттағы каталитикалық риформинг, бензин мен дизельді гидротазалау, күкірт өндіру қондырғыларының апатты жағдайда жұмысын тоқтатуы кəсіпорында жөндеу жəне қалпына келтіру жұмыстарының қажеттілігін туындатты. Зауыт бағаға жауап бермейді Атырау мұнай өңдеу зауыты шикізатты өңдеп, дайын өнім шығарады. Ал, өткізілуі мен сатылуына, яғни, қандай бағамен босатылатынына олардың қатысы жоқ болып шықты. Жыл басынан бергі үш айда Қазақстанда барлығы 3 млн. тоннадан астам мұнай өнімі өндірілген. Бұл жалпы жоспарланған өнімнің 96,4 пайызын құрайды. Соның ішінде, автокөлік бензині – 1,1 млн. тонна немесе 94,5 пайызға, дизель отыны – 1 млн. тоннаға (89,7 пайыз) тұрақтаған.

Сайып келгенде, мұнай өнімдерінің көлемі төмендегендіктен, нарықта бензин бағасының жоғарылауы заңдылық та шығар. Десек те өзімізде өндірілетін отандық өнім құнының осыншалықты шарықтап, бас бермей кетуін немен түсіндіруге болады? Сарапшы мамандардың пайымдауынша, оны ретке келтіруге Үкіметтің өзі де қауқарсыз болып отырған секілді. Соған қарағанда, жанармай «жырының» жуық арада таусылар түрі көрінбейді. Мұнай өндіру зауытының өкілдері де бензин бағасының төңірегінде туындаған сауалдарға жауап беріп, мəселенің мəнісін түсіндіру тек қана Энергетика министрлігінің құзыретіне кіретінін ашық айтып отыр.

Дəулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған